Спартакиада жалауы желбіреді
Қарағанды қаласында «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне және облыс әкімінің жүлдесіне арналған студент жастар арасында XI облыстық спартакиаданың жалауы желбіреді.
Жарыстың мақсаты – студенттерге салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортпен тұрақты шұғылдануға тарту, ЖОО арасында ынтымақтастықты нығайту. Осы жылғы спартакиаданы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті қабылдап алды. Спорттың 13 түрінен сынға түсетін додаға 10 білім ордасы қатысуда. Әр команданың құрамында 124 адамнан бар. Сайыс екі кезеңнен тұрады. Бірінші – университетішілік, екінші – ақтық мәре облыстық жарыста бақ сынайды.
Айта кетейік, соңғы бес жылдың жарыс нәтижесі бойынша ҚарМУ алғашқы орыннан көрінген екен. Спорттық шараның шымылдығы 27 ақпан күні жабылып, сайыс қорытындысы жарияланады.
Нұрдос КӘРІМ