Жаңалықтар

Сот жүйесінде жаңа формат 

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №3 аудандық сотының төрағасы Ерлан ШЕГЕНОВ «Whatsapр» мобильдік қосымшасы арқылы БАҚ өкілдерімен кездесті. Іс-шара барысында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша жыл қорытындысын талқылады. 

Былтыр жыл соңына дейін жеке айыптаушылардан 68 материал келіп түсіпті. Ал, бұл – 2019 жылға қарағанда 10% артық. Осыған сәйкес жиын барысында сот жүйесін заман талабына сай жаңа форматқа енгізу жолы талқыланды. Сондай-ақ, заңнамаға енгізілген түзетулер қайта пысықталды. Сот процесі кезінде судьяның ролі күшейтіліп, қос тарап қорғаушыларының өкілеттілігі кеңейтілді.  

– Бітімгершілік рәсімдерді кеңінен қолдану сот ісін жүргізуде тиімді. Қоғамдағы дау-дамай төмендеп, халықтың сот жүйесіне деген сенімі артады, – деді сот төрағасы.

Жиын соңында Ерлан Шегенов көпшіліктің сұрағына жауап қайтарып, сот жүйесі жайлы түсіндірді.  

Ербол ЕРБОЛАТ

Басқа материалдар

Back to top button