Сот жүйесі жаңарады
2025 жылы Қазақстанда жаңа кассациялық соттар жұмыс істей бастайды. Мәжіліс сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.

Осы орайда Қылмыстық-процестік кодекске (ҚПК), Азаматтық процестік кодекске (АПК), Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске (ӘРПК) және басқа да заңдарға түзетулер енгізіледі.
Заңда азаматтық және қылмыстық істерді кассациялық сатыда алдын ала қарауды алып тастау ұсынылған. Алдағы уақытта азаматтар сот актілерін қайта қарау туралы арыз емес, кассациялық шағым түсіретін болады. Сот ісін жүргізудің барлық түріне кассациялық қадағалаудың бірыңғай ережелері енгізіледі. Енді әкімшілік істер бойынша сот актілері апелляциялық шағым жасалғаннан кейін заңды күшіне енеді.
2025 жылдың 1 шілдесінен бастап, тәуелсіз кассациялық соттардың құрылуына байланысты Жоғарғы Соттың рөлі өзгереді. Ол сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етуге бағдарланады. Сот төрелігін тек жергілікті және кассациялық соттар жүзеге асырады.
Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz