Сот орындаушылар институтының міндеті не?
Сот орындаушысы – атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды қабылдау бойынша өздеріне заңмен жүктелген функцияларды орындайды. Сонымен қатар, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәркілеулер үшін тең құқықтары мен міндеттері бар мемлекеттік сот орындаушысы және жеке сот орындаушысы.

Сот актілерін және өзге де органдардың құжаттарын жеке сот орындаушылардың орындауы жөніндегі қызметі атқарушылық құжаттарды орындаудың баламалы тәсілі болып табылады. Жеке сот орындаушыларының қызметі жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтары, заңды мүдделерін, атқарушылық, өзге де іс-әрекеттер жасау кезінде қорғалуын қамтамасыз етуге арналған.
Жеке сот орындаушылар мен мемлекеттік сот орындаушылардың арасындағы айырмашылық мынада: мемлекеттен өндіріп алу, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке және олармен үлестес заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғадан өндіріп алу; табиғи монополиялар субъектілерінен өндіріп алу, өндіріп алу мөлшері бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын соманы мемлекет пайдасына өндіріп алу, мүлікті тәркілеу, не мүлікті мемлекетке беру туралы, мемлекет мүддесіндегі үйден шығару, үйге қоныстандыру, үйлерді бұзу, жер учаскелерін алып қою және басқа да істердің санаттары туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, жеке сот орындаушысы барлық атқарушы құжаттарды қабылдай алады.
Сондай-ақ, жеке сот орындаушыларына борышкерден атқарушылық санкцияны өндіріп алу бөлігінде атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың ережелері қолданылмайды.
Жеке сот орындаушы атқарушылық іс-әрекеттерді өтеулі негізде жүргізеді. Жасаған атқарушылық іс-әрекеттерге ақы төлеу заңнамада белгіленген мөлшерлерге сәйкес жүзеге асырылады.
Атқарушылық құжаттарды орындау қызметімен арнайы лицензия алған жеке сот орындаушы айналысуға құқылы. Лицензия – атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындау шараларын қабылдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына рұқсат болып табылады және оны уәкілетті орган тағылымдамадан және аттестаттаудан өткеннен кейін береді.
Жеке сот орындаушысы азаматтарды жеке қабылдауға міндетті. Жеке қабылдау уақытын жұмыс күндері белгілеуі керек. Жеке сот орындаушысының куәлігі, сондай-ақ, тегі, аты және әкесінің аты, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының атауы, атқарушы округі, лицензия нөмірі көрсетілген жеке мөрі мен мөртаңбалары болады. Куәліктің, жеке мөрдің және жетонның үлгілерін уәкілетті орган бекітеді. Куәлікті, жеке мөрді, жетонды дайындауды және беруді жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы ұйымдастырады.
Қарағанды облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасында барлығы 147 жеке сот орындаушысы тіркелген. Ең алдымен, жеке сот орындаушысының іс-әрекетіне қатысты сұрақтар туындаған жағдайда жеке сот орындаушылар өңірлік палатасына жүгінуге болады.
2024 жылдың 1 жартыжылдығында жеке сот орындаушылардың іс-әрекеті мен әрекетсіздігіне 533 шағым қарауға түсті. Оның ішінде өтініш берушілердің 13 шағымы бойынша дәлелдері расталды.
Жеке сот орындаушысының әрекеттеріне және әрекетсіздігіне жазылған шағымды мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына тапсыруға болады. Сотқа нақты дәлелдер ұсынылуы шарт.
Әйгерім ЖАҚСЫЛЫҚ,
Қарағанды облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының бас маманы.