Қарағанды облысы прокуратурасының хабарлауынша, осы үкіммен оған Қылмыстық кодекстің 74-бабының тәртібінде жазаны орындауды кейінге қалдыру шарасы тағайындалды. Жазаны орындауды кейінге қалдыру амалын қолдануға оның 2 жасар баласының болуы негіз болды.

“2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық заңға 5 жылдан астам бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатын жекелеген қылмыстарды қоспағанда, жас балалары бар әйелдер үшін жазаны өтеуді кейінге қалдыруды міндетті түрде қолдануды көздейтін өзгерістер енгізілгендіктен, бүгінгі күні жазаны кейінге қалдыру міндетті норма болып табылатынына назарларыңызды аударамыз”, делінген хабарламада.
Аяулым СОВЕТ



