Солтүстіктен жеткен сүйінші хабар
Солтүстік Қазақстан облысында республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауы өткен болатын. Дүбірлі додаға облыс атынан қатысқан оқушылар үш номинация бойынша жеңімпаз атанды.
Бұл байқауға елдің түпкір-түпкірінен 50-ден астам оқушы қатысқан. «Жасынан оқу оқып, ғылым қуған…» аталымында ғылыми жоба қорғаған Қарқаралы ауданының Қажыкен Смайылов атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Мағжан Құдайберген – I орын иеленді. «Ақындар бір бала ғой айға ұмтылған» аталымында Қарағанды қаласының Ә.Бөкейхан атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Мақсат Жарылкасынов – ІІ орын иеленді. Ал, «Өлеңін-менің Шолпаным, Айым, Күнім» аталымында қатысушылар Мағжан шығармаларын жатқа оқып, қарым-қабілттерін байқатты. Нәтижесінде Қарағанды қаласының №61 мектептің 10-сынып оқушысы Алина Наурызбаева ІІІ орын иеленді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz