Қарағандылық құтқарушылар үйлеріне оралды
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынына қарсы өздеріне жүктелген жұмыстарды аяқтап, үйлеріне оралды. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше жеке құрамды департамент басшылығы және олардың отбасылары күтіп алған.
Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынымен күресуге Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінен 70 адам аттанған болатын. Сондай-ақ, 11 техника, 6 жүзу кемесі және 27 су сору қондырғысы жіберілді. Департамент басшылығы жеке құрамға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жүктелген міндеттерді мінсіз орындағаны үшін алғысын білдірді.
– Біз қызметкерлеріміздің батылдығы үшін және қызметкерлеріміздің отбасыларына шыдамдылығы үшін алғыс айтамыз. Барлығымыз Қазақстан Республикасының игілігі үшін бір істі атқарып жатырмыз, – деді ТЖД басшысы Мұрат Қатпанов.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ