Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов Ұлы Отан соғысының осы қалада қалған жалғыз ардагері Николай Семенович Куриленконы 98 жасқа толған туған күнімен үйіне барып құттықтады.
Ресейдің Брянск облысында туып-өскен Николай Семенович 1944 жылдың желтоқсан айында әскер қатарына алынып,Батыс Майданының әуе қорғанысының зенит артиллериясы бөлімінің құрамында соғыс ұрыстарына қатысып,майдан жолын көз жанарының зақымдануына байланысты Польша жерінде аяқтайды. Сол Ұлы Отан соғысында көрсеткен жанқиярлық ерліктері үшін ол 2-дәрежелі “Отан соғысы” орденімен, “Жауынгерлік ерлігі үшін”, “Германияны жеңгені үшін”, тағы да басқа мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Бейбіт күнде Куриленко әуелі өз елінде поезд кондукторы болып істеп,одан кейін 50-жылдардың соңында Қазақстан Магниткасына келіп,жұмысқа орналасады.Мұнда металлургия комбинатының энергия шаруашылығында слесарь,шебер,учаске бастығы болып,зейнетке шығып,қазір бала-шағасының ортасында Теміртау қаласында тұрып жатыр.
Жасы 98-ге толған Ұлы Отан соғысының ардагерін туған күнімен құттықтаған қала әкімі оған Құттықтау хаты мен арнайы сыйлығын тапсырды.
Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ
Сурет ұйымдастырушылардан