Жаңалықтар

Соңғы тәулікте құтқарушылар елуден астам адамды қар құрсауынан құтқарды

Кеше құтқарушыларға бірнеше рет жолдардың жабылған учаскелеріне барып, көліктерді сүйреп, адамдарды эвакуациялауға тура келді. Бұқар жырау ауданында төтенше жағдайлар қызметі қар құрсауында қалып қойған «Nissan Patrol» көлігінен екі адамды құтқарды.

Сурет пен видео: ТЖД-нен алынды

Құтқарылғандар Теміртау қаласына жеткізілді, оларға медициналық көмек қажет емес. Сонымен қатар, департамент қызметкерлері Қарағанды-Теміртау тас жолының жабық учаскесінде қалып қойған №107 маршруттық автобустан 30 адамды жақын маңдағы қалаға жеткізді. Бүгін түнде Ақтоғай ауданы Айыртас ауылында 7 ақпан күні сағат 14:00 шамасында үйден шығып кеткен 1993 жылы туған әйел мен 2017 жылы туған баланы іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Таңертеңгі сағат 08:50-де іздестіру тобы жоғалғандарды Айыртас ауылынан батысқа қарай 6 шақырым жерден тапты. Құтқарылғандар Ақтоғай аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button