Білім

Соңғы қоңырау сыңғыры

Бүгінде облыста оқу жылы 23 мамырда аяқталды. Барлық мектептерде «Білім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті. Биыл аймақта 16 745 бала 9 сыныпты аяқтап, 8267 оқушы 11 сынып бітірді.

Сурет www.uralskweek.kz

Білім басқармасы мамандарының мәліметінше, биыл өңірде үздік аттестатқа үміткерлер саны айтарлықтай артты. Оқу жылында «Алтын белгі» төсбелгісін алуға 222 түлек, үздік аттестатқа – 514 адам, 9 сыныптың үздік аттестатына – 858 адам үміткер.
9 және 11 сынып оқушылары үшін қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өту мерзімі де белгіленді. 9 сынып оқушылары үшін мемлекеттік емтихандар 29 мамыры мен 10 маусымы аралығында өтеді. Ал 11 сынып түлектері 30 мамыр мен 16 маусым аралығында бес емтихан тапсырады.
Жалпы, бүгінгі таңда өңірде 404 мектеп жұмыс істеп, 175 мыңнан астам оқушы білім алуда.

Аяулым СОВЕТ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button