Соңғы минутта сан соғып қалды
Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы ел чемпионаты аясында өз алаңында «Алматы» хоккей клубын қабылдап, жеңісті қолдан жіберіп алды.
Ойынның алғашқы бөлігінде жерлестер есеп ашқан болатын. Гол авторы – Евгений Григоренко. Араға 17 минут салып қарсыластар таразы басын теңестірді. Ойынның аяқталуына үш минут қалғанда Алексей Дерзаев гол салып кетті.
Екінші айналымда алматылықтар басымдық танытты. 24-ші минутта «Сарыарқа» сапынан Никита Баженов есепті еселегенімен, қонақтар сапынан Илья Давыдов, Ян Хоменко, Артем Подшендялов есепті 2:4-ке жеткізді.
Үшінші айналымда жерлестер екі шайба салып таразы басын теңестірді. Гол авторлары Никита Жульдиков, Тимур Шингарееа. Нәтижесінде, ойын овертайм уақытына созылып, жерлестер тағы бір мүмкіндік алды.
Десе де овертайм уақыты қос командаға жеңіс алып келген жоқ. Қосымша уақытта да тең ойын болған соң, буллит, яғни, шайбаны еркін лақтыру таймына ауысты. Өкінішке қарай, жерлестер бұл таймда қарсыластарынан айласын асыра алмады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz