Жаңалықтар
Соңғы кездесуіміз екен ғой…
Құдай-ау, бір айналдырса, шыр айналдырады деген осы ма?
Өткен апта да ғана әкемнің туған апасын жер қойнына тапсырып келіп едім, бүгін күйеу балам, әрі ақын, бозбала шығынан бері қасымда жүрген Сәттібай бауырым қайтыс болды деген қаралы хабар жетті.
Қарағандыда осыдан төрт күн бұрын кездесіп, қауқылдасып, әңгімелесіп қалып едік. Сол, соңғы кездесуіміз екен ғой, бауырым- ай. Қырықтан жаңа асқан қылшылдаған шағыңда айырылып қалдық қой сенен. Бақұл бол, айналайын. Жаратқан ием мейіріміне бөлеп, панасына алсын.
Бағдат МҮБӘРАК.