АймақБас тақырып
Соңғы бір аптада облыс аумағында көші-қон заңнамасын бұзудың 200 дерегі тіркелді
Қарағанды облысы полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы Арман Уәлиевтің айтуынша, соңғы бір апта ішінде өңір аумағында көші-қон заңнамасын бұзудың 200 дерегі тіркелді.

Оның 100-і Қазақстан Республикасында болу тәртібін сақтамаған шетел азаматтарына қатысты. Тағы 100 құқық бұзушылық Қазақстан азаматтары тарапынан жасалған. Олардың қатарында көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған қабылдаушы тұлғалар мен жұмыс берушілер бар.
Аталған фактілердің барлығы бойынша әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



