Руханият

Құсни сөз мейрамынан қалыс қалмаңыз

Қымбатты оқырман!
Қарашаның 8 жұлдызында Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде Арқа ақындары мен қара шаңырақ Сәкен театры актерлерінің қатысуымен «Қарашада өмір тұр!» атты поэтикалық мюзикл жиналған жұртшылыққа керемет көңіл-күй сыйлайды.

Сурет: ұйымдастырушылардан

Поэзия – бекзат өнер. Ол көркем әлемге дайындығы жоқ кез-келген адамды жанына серік етпейді. Жыр әлемін түсіну үшін сол эстетика, сол темперамент, сол тереңдік, сол образдар, сол махаббат адамның әуелі ішкі жан дүниесінде болмағы шарт. Қазақтың қара өлеңіне асыл сөзден үкі тағып, адалдық пен адамдықтың нышанына айналған ақындар әрқашан ел есінде.
Осымен бірнеше жыл қатарынан өткізіліп, дестелі дәстүрге айналған құсни сөз мерекесінде руханиятқа қызығушылығы бекем жұртшылыққа шайырлар сырлы өлең жолдарын, өнер иелері әсем әндерін көрерменіне тарту етпек.
Ақ жауыны бүркеген алқоңыр күзде осы бір назқоңыр кештен қапы қалмаңыз!

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button