Ғұсман Қырғызбаев екі дүркін олимпиада жүлдегерін жеңді
Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасындағы екінші кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Ortalyq.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
66 келі салмақта белдесетін Қырғызбаев екінші жекпе-жекте екі дүркін әлем чемпионаты, екі дүркін Олимпиада жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулмен кездесті.
Жекпе-жек басталған бетте Ғұсман “ваззари” ұпайын еншілеген болатын. Отандық спортшы сол басымдықты кездесу соңына дейін ұстап тұрды.
Жерлесіміз ширек финалда татами иесі, франциялық Валид Хиярды да жеңді. Валид екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем біріншілігінің екі дүркін қола жүлдегері саналады.
Кездесу барысында шидо саны бойынша жеңіліп жатқан Қырғызбаев белдесу соңына қарай қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.
Осылайша, Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының жартылай финалында белдеседі.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.