Руханият

Смағұл Сәдуақасов. Еңбек адамы туралы

Тіл тағдыры тақырыпқа тәуелді! Тақырыпты адаспай тура тауып, оның ішкі сырын аша білу ісінде сөз еркіндігі әркімнен өзіндегі барын салуды талап етпек. Қаламгердің бойындағы бары – ары! Тіл трагедиясы қаламгердің хақиқат ісін қағаз бетіне түзу сөзбен таңбалаудан бас тартып, әртүрлі амал-айлаға түскенінен басталады.
Адам алдаушы, аңдушылар туралы Абай жақсы айтқан еді: «Осы күнде қазақ ішінде «ісі білмес, кісі білер» деген мақал шықты. Оның мәнісі: «Ісіңнің түзулігінен жетпессің, кісіңнің амалшы, айлалығынан жетерсің» деген сөз» деп.

Қазақ әдебиетіндегі түзу сөзбен жазыл­ған шығармалардың қатарына Смағұл Сәдуа­қасұлының «Сібірдегі қазақтар туралы» мақаласын жатқызуға болар. Біздің бұл пікіріміздің растығын дәлелдейтін жығылмас деректер еліміздің мұрағаттарында жеткілікті, оның бі­ра­зын мақаламыздың мәтінінде келтіріп отырамыз.

Негізінде, ғалым Дихан Қамзабекұлы құ­растырған Смағұл Сәдуақасұлының шығармаларының үш томдық жинағында берілген қаламгердің «Сібірдегі қазақтар туралы» мақаласы 1920 жылы 25 желтоқсанда «Еңбек туы» (бүгінгі «Егемен Қазақстан») газетінде жарияланған болатын. Смағұлдың осы мақаласымен тағдырлары үндес «Бүкілресейлік орталық атқару қомитетінің президиумына» атты мақаласы 1921 жылдың 14 қарашасында жазылыпты. (С.Сәдуақасұлы Үш томдық шығармалар жинағы. 2-том (Құрастыр­ған Д.Қамзабекұлы). Астана: «Нұра-Астана» баспасы, 2013.- Б. 243-246.)

С.Сәдуақасовтың Сібір төңкеріс комитетінің (Сибревком) заңсыз, теріс ісін сынға алған осы бір екі мақаласының негізгі тақырыбы – қазақтың саналы еңбек адамы.

С.Сәдуақасовтың Сібір төңкеріс комите­тіне қарата айтылған сыны шынайы орны бар наразылық, заңсыздыққа қарсылық еді. Смағұлдың сөзін растайтын ресми ақпараттардың көбісінің Семейдегі «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығындағы» (әрі қарай – ҚЗТҚО) қорларында сақталуы – заңды іс.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің бейсенбілік нөмірінен оқи аласыздар. 

Марат АЗБАНБАЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button