СпортТеміртау

Словенияға жолдама алды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаменті Костенко атындағы шахтасының командасы ардагерлер арасындағы мини-футбол бойынша республикалық біріншілікте жеңімпаз атанды. 

Шымкент қаласында өткен чемпионатқа еліміздің әр аймағынан 20 команда қатысқан. Қарағандылықтар финалда ОҚО командасымен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

– Кеншілер арасында бұрыннан қалыптасқан дәстүр бар. Жыл сайын Қарағанды көмір бассейнінің спартакиадасы өтеді. Біздің команданың жеңісі кездейсоқ емес, – деді ҚР еңбек сіңірген бапкері, Костенко атындағы шахтаның ардагерлер командасының жетекшісі Виктор Вовк. – Шахтада спорттық кешен бар, онда жігіттер, тіпті, қазір мұнда жұмыс істемейтіндердің өзі қысы-жазы аптасына үш рет жаттығу мүмкіндігіне ие.

– Біз спортпен айналысу жас талғамайтынын көрсеткіміз келеді. Республикалық біріншілікте ұтып алған басты жүлдеміз – Еуропа чемпионатына жолдама. Біз халықаралық деңгейде Қарағандының даңқын асқақтатамыз, – деді команда капитаны Сергей Маслов.

Еуропа чемпионаты 2018 жылдың күзінде Словенияда өтеді. Команда құрамы бұл жарысқа бару үшін демеушілер қажет екендігін де алға тартады.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Back to top button