Үскірік аяз – алда
Аяз қаһарына енді мінбек. Синоптиктер нағыз үскірік аяз алдағы демалыс күндері болады деген болжам жасап отыр. Өйткені, елімізге Батыс Сібірдің солтүстік аудандарынан суық антициклон ығыспақ. Салдарынан, сынап бағанасы 35 градусқа дейін төмендейді.
Қарағанды облысы ТЖ департаментінің ресми өкілі, азаматтық қорғау капитаны Қ.Мұталлаповтың айтуынша, Қарағанды облысында қатты аязға қар мен бұрқасын қосылып, ауа райын тіпті күрделендіріп, қауіпті етпек.
Яғни, 24-25 желтоқсанда түнде Қарағанды облыстарының кей жерлерінде ауа температурасының күрт төмендеуі 33-38 градус аязға дейін күтіледі, 24 желтоқсанда кей жерлерде көктайғақ болмақ.
Сол себепті сақ болып, ауа райының өзгерістерін бақылап отыруға, балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес беріледі. Ал, түнде және ауа райы нашарлаған уақыттарда алыс жолға шығу тіпті, қауіпті.
Салтанат ИЛЬЯШЕВА