Жаңалықтар

Әскерилер күш сынасты

Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығында әскери қызметкерлер арасында байқау өтті. Байқауға Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысынан үміткерлер жиналған.

 

Аталмыш байқаудың іріктеу кезеңі әскери бөлімдерде болған. «Үздік» деп танылған әскери қызметшілерге осы кезеңге жолдама берілген. Әскери қызметшілер 4 бағыт бойынша сынаққа түсті. Әуелі белтемірге тартылып, 100 шақырымды уақытқа жүгірді. Одан кейін, «Макаров» тапаншасымен нысана көздеп, берілген карта бойынша тактикамен ұрыс өнерін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша «Үздік батальон командирі» аталымында – Ерхан Мұсалимов, «Үздік батальон штаб командирі» номинациясында – Азамат Тағанов жеңіске жетті. Ал, «Батальон командирінің үздік тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмысы жөніндегі орынбасары» аталымына Ескендір Антаев лайық деп танылды.

Жеңімпаздар желтоқсанда Астанада өтетін республикалық кезеңде бақ сынайды.

Ербол ЕРБОЛАТ

Басқа материалдар

Back to top button