Спорт
Әскерилер арасында шағын футбол турнирі өтті
Футболдан Қарағандыдағы 6505 әскери бөлім командирінің кубогі сарапқа салынды. Бұл додаға бөлімнің келісімшарт бойынша әскери қызметшілері мен офицерлері қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша І орынды – 1 атқыштар батальоны иеленді. 4 атқыштар батальоны – ІІ орын, 2 атқыштар батальоны – ІІІ орынға табан тіреді. Сонымен қатар, 4 атқыштар батальонының әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Жалғас Нұрбек чемпионаттың «Үздік сұр мергені» атанды. Ал, 2 атқыштар батальонының әскери қызметшісі сержант Жансерік Айтқазин – «Үздің қақпашы» атанды.
Ойын соңында 6505 әскери бөлім командирі полковник Барышев Бауыржан Муратбекович жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттап, қатысушыларға алғыстарын білдірді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz