Бас тақырыпБасты тақырып
Әскери қызметшілердің жалақысы тағы өседі
Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің еңбекақысы артатынын мәлімдеді. Ведомство дерегінше, офицерлердің, сондай-ақ қатардағы және сержанттық құрамның жалақысы өседі деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі kaz.tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі аясында жалақыны арттырудың екінші кезеңі жүзеге асады. Осыған сәйкес, офицерлердің жалақысы тағы 23 пайызға, ал қатардағы және сержанттық құрамның жалақысы бірінші кезең деңгейінен 10 пайызға ұлғайтылады.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



