Әскери қызметшілердің киім үлгісі өзгерді
Қазақстанда қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерін бірыңғай түсті және бірыңғай стильдегі далалық киім нысанына көшіру алғаш рет жүзеге асырылды.
Ведомство ақпаратынша, жаңа киім үлгісі – жақсартылған функционалдылық және жайлылыққа ие.
«Нысанның бүркемелеу қасиеттерін арттырды. Онда климаттың және аймақтың географиялық ерекшеліктері ескерілді. Жаңа мата суға, аязға және желге төзімді. Айырым белгілері енді Velcro типті жапсырмаға бекітіледі. Капюшоны бар деми-маусымдық далалық куртка және жағасы бар далалық жемпір пайда болды», – делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, қысқы киім нысанына түбегейлі өзгерістер енгізілгені (матаның құрамы өзгертілді, қалың шалбардың функционалдығы жақсарды, жүннен жасалған қалпақ пен шарф қосылды) атап өтілді.
«Әскери басқару органдарына арналған жазғы киім нысанына тактикалық етік (кроссовка) және құм түсті қонышты етік енгізілді», – делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.