Жаңалықтар

Әскери борыш – абыройлы міндет

Тәуелсіз еліміздің тұғырын биік, іргесін берік ұстау әрбір азаматтың абыройлы міндеті. Приозерск гарнизонының 06708 әскери бөлімінде далалық оқу-жаттығу жиыны өтті.

Жиын барысында әскери міндеттілер Исин Айдар, Алдияр Манкенов және Козлов Никита салтанатты түрде ант қабылдады.

Шараға «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскелері қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары полковник Әсет Оразалин және Приозерск гарнизонының бастығы подполковник Жасұлан Абеков қатысты.
Әскери ант қабылдау – сарбаз өміріндегі ұмытылмас оқиға. Ант қабылдағаннан кейін әскерилер кіші мамандарды даярлау бағдарламасы аясында жауынгерлік дайындықты пысықтап, толыққанды Отан қорғаушылары атанады. Жалпы, жиын кезеңінде әскери міндеттілердің жұмыс орны, лауазымы, оған сәйкес келетін орташа айлық жалақысы сақталады. Сондай-ақ, ол республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін болады. Әзірге әскери міндеттілер жүк-тиеу машинисті, ЖШС «Қарағанды Жарық» мекеме қызметкері және алғашқы әскери техникалық дайындық пәнінен сабақ беруде.
Осындай жалындаған жас қырандардың қалың легі тұрғанда елді дау, жерді жау алмайтындығы анық.

Думан ЖҰМАШҰЛЫ,

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button