Әскерге шақырушылар қандай сараптама тапсыруға міндеттелді?
Болашақ әскерилер эхокардиография, іш қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық және бүйрек ультрадыбыстық зерттеуінің сараптамасын өткізуге міндеттеледі, деп хабарлайды Ortalyq.kz aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында:
– Қажет болған жағдайда медициналық көрсеткіштер бойынша қосымша кеңес беру-диагностикалық қызметтер Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес көрсетіледі, – делінген.
Әскерге баратындарға келесі міндетті тексерулер жүргізіледі:
– Жалпы қан талдауы;
– Несеп талдауы;
– Кеуде қуысының флюорографиялық зерттеуі;
– Электрокардиографиялық зерттеулер;
– Микропреципитация реакциясы арқылы мерезге талдау;
– Бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі;
– Бауыр, көкбауыр, ұйқы безінің ультрадыбыстық зерттеуі;
– АИТВ инфекциясына қан талдауы.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.