Бас тақырып

Әскерде бейнебақылау камералары орнатылады

Әскери бөлімдердегі бейнебақылау камераларын бақылап, сараптайтын жаңа қызмет түрі енгізілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің өкілі, полковник Тілеухан Басқожаев мәлім етті, деп хабарлайды ortalyq.kz Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Сурет: astanatv.kz

– Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерде бейнебақылау камераларын орнатумен шектелмей, қазір кезекші бөлімдерде қосымша лауазым енгізілді. Олар бейнебақылау камераларын сараптап, қарап отырады, яғни жағдайды бақылап, баяндайды, – деді Тілеухан Басқожаев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, әскери бөлімдердің 60-70 пайызында оператор лауазымы бар.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button