Жаңалықтар

Әскер – тыныштық қорғаны

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 5 ақпандағы Жарлығына сәйкес 1 қыркүйектен бастап күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру іс-шаралары басталды.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, Қорғаныс министрлігінде өткен жылдармен салыстырғанда Қарулы Күштерге әскерге шақырылушылардың санын кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланғанын айта кету қажет. Қолданыстағы заңға сәйкес, азаматтарды мерзімді әскери қызметке әскерге шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Осымен екінші жыл, әскерге шақыру пандемия жағдайында өткізіліп жатыр. Әскерге шақыру және жиын пункттерінде коронавирус инфекциясының алдын алудың және оның таралуына жол бермеудің практикалық тәжірибесі пысықталған. Әскерге шақырылушыларға ПТР зерттеуі екі рет жүргізілетін болады, яғни, әскерге шақыру кезінде жиын пункттерінде және олар әскери бөлімдерге келген кезде. Белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық шектеулерді сақтау, медициналық маскалармен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету, ұдайы Қорғаныс министрінің бақылауында. Алдағы әскерге шақыру барысында Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 1414 қызметінің сервисі арқылы әскерге шақырылушыларға SMS-хабарламалар таратуды жалғастыру жоспарлануда. Хабардар ету процесінен жеке қарым-қатынас жасауды алып тастау инфекция жұқтыру қаупін азайтады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін ағымдағы жылғы көктемгі әскерге шақыру кезінде мерзімді әскери қызметке әскерге шақыруды кейінге қалдыру және одан босату «Электрондық үкімет» порталының «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде жүзеге асырылды. Пара талап ету және басқа да сыбайлас жемқорлық көріністері бойынша жедел шаралар қолдану және туындаған жағдай бойынша кеңес алу үшін Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің «Қарулы Күштер – адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне жүгіну немесе сенім телефондарына хабарласу қажет. Біз ашықпыз және Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге әрқашан дайынбыз.

Нұржан ӘБДІКЕШОВ,

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының

Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы.

Басқа материалдар

Back to top button