Өскеменнен олжалы оралды
Үстел теннисінен Өскемен қаласында өткен Қазақстан чемпионатында қарағандылық спортшылар 4 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше он жүлденің үшеуін Альбина Жақсылықова иеленген.

Чемпионат қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Альбина Жақсылықова, Виктория Мочалкина, Дарья Фу, Екатерина Охмак және Мария Лукьяновадан құралған қыздар командасы еншілеген. Жекелей сында Альбина Жақсылықова бірінші орыннан көрінсе, жұптасып өнер көрсетуде Виктория Мохалкина мен Дарья Фудың жұбы бірінші орынды иеленген.
Алан Құрманғалиев, Әмір Торғайбеков, Асылхан Мағзұмбеков, Арсен Қабдулов және Райымбек Келбұғановтан құралған жігіттер командасы жүлделі екінші орынды қанжығаларына байласа, екінші орын Альбина Жақсылықова мен Мария Лукьяноваға бұйырған.
Жекелей сында екінші орынды Виктория Мочалкина, үшінші орынды Дарья Фу иеленді. Сондай-ақ ерлер арасындағы жұптық және аралас жұптық сайыстарда да үшінші орындар бар.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.