Жаңалықтар

Сіз білмейтін 10 дерек

● 5000 жылдық тарихы бар
Ежелгі Ботай мәдениетінен табылған кейбір музыкалық аспаптардың пішіні мен құрылымы қазіргі домбыраға ұқсас. Археологиялық деректер қазақтың ішекті аспаптарының тамыры тереңде жатқанын көрсетеді.
● Жақын туысы – «курунга»
Түркия, Венгрия, Қытай қазақтарының арасында домбыра кең таралған. Венгр ғалымдары «курунга» деп аталатын аспапты домбыраның жақын «туысы» деп есептейді.
● Күй тартуға тыйым салынған
1920-1930 жылдары домбыра «ескілік сарқыншағы» ретінде қаралып, күй өнері кей жерде тоқырауға ұшыраған.
● Қос ішек – қос тылсым
Домбыраның екі ғана ішегі болса да, шебер орындау­шы 20-ға жуық әуендік реңк бере алады. Бұл – тек қазақ күйіне тән ерекшелік.
● Математикаға баулитын аспап
Музыка зерттеушілері домбырамен күй үйренген балалардың логикалық ойлау қабілеті жоғары болатынын дәлелдеген. Себебі әрбір күй – құрылым мен ырғақтың математикалық тіліне бағынады.
● Әр өңірдің домбырасы әртүрлі
Батыс Қазақстан домбырасы ұзын, мойны жұқа, пернесі аздау болады (күйшілік мектепке тән), ал, Арқа домбырасы дөңгелек, әуезі кең, әншілік мектепке лайықталған.
● Дауыссыз сөйлейтін шежіре
Кейбір күйлерде (мысалы, «Ақсақ құлан», «Кеңес») шын мәнінде, әңгіме мен оқиға желісі күй арқылы баяндалады. Тыңдаушы сөз естімесе де, оқиғаның не болғанын түсінеді.
● Физикада резонанс үлгісі
Домбыраның қуысы мен ішектерінің тербелісі арнайы зерттеулерде акустикалық резонанс мысалы ретінде қарастырылады.
● Шипалы аспап
Қазақ халқында күймен ауруды емдеу салты болған. Әсіресе, жүйке жүйесі мен көңіл күйге әсер ететін күйлер терапевтік мақсатта қолданылған.
● ЮНЕСКО-ның мұралар тізімінде
2014 жылы қазақтың күй өнері, ал, 2019 жылы «Қазақтың дәстүрлі домбыра күйі» ЮНЕСКО тізіміне енгізіліп, халықаралық мойындауға ие болды.

Басқа материалдар

Back to top button