Жаңалықтар

«Сирияға кеткендердің қаны мойныңда…»: Мұхамеджан Тазабек өміріндегі ең үлкен өтірік жайлы айтты

Айтыскер ақын, Тәлім TV арнасының директоры Мұхамеджан Тазабек өзіне қатысты тағылған айыпты жоққа шығарып, өміріндегі ең үлкен өтірік екенін айтты. 

Мұхамеджан Тазабеков
фото: tengrinews.kz

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасындағы тікелей эфирде журналист Айша Кеңесбайға берген сұхбатында айтты. 

Тазабековтің айтуынша, өзіне бірнеше айып тағылған. Ең сорақысы – Сирияға жастарды жібердің деген айып. 

Жастарды Сирияға насихаттап, солардың қаны мойныңда дегені – ең үлкен өтірік. Алланың әділдігіне тапсырдым. Қазақтың баласы сүрінбесін деп жүргенде, қазақтың баласын қан майданға жібердің дегені өтірік. Жаныңа ауыр тиеді, – деді ол. 

Видеодан көріңіз:

Басқа материалдар

Back to top button