Жаңалықтар

«Синтетика» жасырған теміртаулық жасөспірім сотталды

Теміртаулық жасөспірім «Синтетика» жасырғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Оңай олжаға кенелемін деген колледж студенті керісінше, жастық шағын қамауда өткізетін болды.

Ол Теміртау қаласында түрлі орындарға синтетикалық есірткі заттарын жасырып, соларды өткізумен айналысқан. Теміртау қаласының полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері оны «синтетиканы» өткізу барысында ұсталды.

Қыздың өзімен бірге есірткі заттары, сондай-ақ, ұялы телефонында есірткі жасырған жерлерінің суреттері, сатып алушылармен жазысқан жазбалары анықталды. Айтуынша, ол көп ақша табуды көздеген. Бірақ, қазір бұл ісіне өкінетінін айтты.

Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-тармағы бойынша орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button