Бас тақырып

Синоптиктер биылғы жылдың күзіне арналған ауа райының алдын ала болжамын айтты

Синоптиктер 2024 жылдың күзіне арналған ауа райының алдын ала болжамын жасады. Қазақстандықтарды жылы әрі жауын-шашын аз ауа райы күтеді, бірақ қыркүйектің бірінші онкүндігінде ғана, деп хабарлайды ortalyq.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сурет: balbal.kz

Қазгидрометтің хабарлауынша, кейін атмосфералық фронттардың жиі ауысуы болады, бұл республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы жағдайына әкеледі.

Солтүстік облыстарда түнде минус белгісімен 1-7°С аяз болуы мүмкін.

Оңтүстік облыстарда жоғары қысымды аймақтың әсерінен жауын-шашын нормадан аз болады деп болжануда және температуралық фон салыстырмалы түрде жылы болады. Алайда, бір ай ішінде температура біртіндеп төмендейді: түнде +15+23°С-тан +3+10°С-қа дейін, күндіз +25+35°С-тан +15+23°С-қа дейін.

Қыркүйек айында ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1 градусқа жоғары, батыста, республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда нормаға жақын болады деп күтілуде.

Қазан және қараша айларында күзден қысқы кезеңге біртіндеп көшу күтілуде.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жариялаған болатын.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button