Бас тақырып
Өсімдік майларының өндірісі 23,9% артты
2025 жылдың алғашқы 7 айында республикада 521,2 мың тонна өсімдік майы өндірілді. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,9% көп.

Аталған кезеңде өсімдік майының экспорты 37,7% өсті. Қазақстандық майдың негізгі импорттаушысы – ТМД елдері.
Ел ішіндегі сату көлемі осы жылдың 7 айында 193,1 мың тоннаны құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,2% артық болды.