Бас тақырып

«Сібір жарасы»: екінші науқас жансақтау бөліміне түсті

Жағдайының күрт төмендеуіне байланысты сібір жарасын жұқтырған тағы бір науқас бүгін жансақтау бөліміне ауыстырылды. Бұл туралы Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова мәлім етті.

Сурет: medexinter.ru сайтынан алынды

– Қазіргі таңда сібір жарасы диагнозы расталған екі науқас емделіп жатыр. Бірі – 62 жаста. Терісінің қабыну синдромының күшеюіне және ісіну көлемінің ұлғаюына байланысты жансақтау бөліміне ауыстырылды. Екінші науқас 41 жаста. Ол жұқпалы аурулар орталығының нейробокс бөлімінде ем қабылдауда. Жағдайы орташа, – деді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Топар ауылында сібір жарасының жергілікті жағдайы тіркеліп, бір отбасының үш мүшесі ауырып қалған еді. Бүгін таңертең сібір жарасын жұқтырған бір науқастың көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button