Спорт

Сианьда сүйсінтті

Қытайдың Сиань қаласында көркем жүзуден Әлем кубогының суперфиналы өткен болатын. Байрақты бәсекеде отандастарымыз тарихи жеңіске жетіп, үздіктер қатарынан көрінді. Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен спортшылардың қатарында жерлестеріміз де ел қоржынына күміс және қола медаль салды.

Сурет дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Айта кетейік, биылғы Әлем кубогы төрт кезеңнен тұрды. Алғашқы бәсеке – Францияда, кейінгісі – Египет пен Канадада өткен. Ал, шешуші суперфинал Қытайда қорытындыланды. Бұл байрақты бәсекеге 16 елден 125 спортшы қатысқан. Ал, ел атынан 14 жүзуші бақ сынап, жүлдегерлердің қатарынан көрінді.

Су бетінде сұлулық пен шеберлікті астастырған көркем жүзуде жерлестеріміз сенімді өнер көрсетті. Әйелдер дуэтінде Ясмин Тұяқова, Арина Пушкина және Даяна Жаманчалова күміс медальға ие болды. Ал, топтық сайыста техникалық, еркін және акробатикалық бағдарлама бойынша өнер көрсеткен Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Ксения Макарова, Арина Мясникова және Ясмин Тұяқова қола жүлдеге қол жеткізді. Бірнеше бағдарламада қатар өнер көрсеткен жерлестеріміз физикалық, техникалық әрі эстетикалық дайындықтарының жоғары деңгейде екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Ербол ЕРБОЛАТ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button