АбайАймақ

Үшжақты меморандумға қол қойды

Бүгін Абай көпсалалы колледжінде аграрлық колледждер түлектерін жұмысқа орналастыру мәселесін талқылаған жиын өтіп, оған Абай ауданының басшылығы, облыс колледждерінің директорлары, аудан кәсіпорындары мен ауыл шаруашылық құрылымдарының басшылары, ауданның кенттік және ауылдық округтерінің әкімдері қатысып, үшжақты меморандумға қол қойылды.

Суреттер автордан

Бұл бас қосудың мақсаты ауыл шаруашылығы секторында білікті мамандарға қажеттілікті анықтау, білім беру мекемелері, жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдар арасында тиімді өзара ынтымақтастықты жолға қойып, орта буын мамандарды жұмыс тұрақты жұмыс орнымен қамту болып табылады.

Жиынға қатысушылар әуелі аталған колледждің пән кабинеттерімен,зертханаларымен, жылыжайымен, қоян өсіретін шаруашылығымен танысып, пленарлық мәжілісті Абай ауданының әкімі Сәбит Оспанов құттықтау сөзбен ашты.

Жиналғандар алдында Абай көпсалалы колледжінің директоры Айдар Әбішев “Колледж түлектерін жұмысқа орналастыру –  маңызды міндет”, “Атамекен” РКП Абай аудандық бөлімшесінің директоры Зарина Марданова “Жұмысшы мамандықтары түлектерін қолдау – қоғам мен экономика дамуының кілті” деген тақырыптарда баяндамалар жасады. Ал жарыссөзде сөйлеген “Шанс” шаруа қожалығының басшысы,облыстық мәслихаттың депутаты Игорь Жабяк, “Деметра-2025” ЖШС директоры Сергей Домоевский жалпы ауыл шаруашылығы саласында өз ісін жетік білетін мамандар тапшылығын сөз етіп, оны шешудің жолдарын ұсынды.

Ең соңында Абай ауданының әкімі Сәбит Оспанов пен Абай көпсалалы колледжінің директоры Айдар Әбішеа жиынға қатысып отырған жұмыс берушілердің бірнешеуімен жасасқан үшжақты меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қойған жұмыс берушілердің арасында “Жанат” ӨК директоры Лалита Тәшімова, “М.К.Әлбатыров” ЖК директоры Марғұлан Әлбатыров, “Жігер Су” КМК директоры Рустам Көдебаев, “АПК” ЖШС директоры Ерлан Ақылбеков, “ДАНГ” ЖШС директоры Досым Сарғасқаев,жеке кәсіпкер Ш.Исмаилов бар.

Енді меморандум келісімі бойынша аталған колледж студенттері осы кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтіп,оқуларын аяқтаған түлектер қажетінше жұмысқа орналасатын болады.

Толығырақ бұл жиын туралы газетіміздің келесі сандарынан оқи аласыздар.

Ержан ИМАШ,
Абай ауданы

Басқа материалдар

Back to top button