Жаңалықтар

Үшжақты келісім – маңызды құжат

           Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және Еңбек Кодексін негізге ала отырып, Елбасының «Төртінші өнеркәсіп революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру аясында ауданның атқарушы билік органдарының өкілдері, жұмыскерлердің және жұмыс берушілердің аудандық бірлестіктерімен біріге отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық бағыттары бойынша іргелі жұмыстарды қолға алмақ.

Осы орайда, әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру мақсатында әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссияның отырысы өтті. Отырысты аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы С.Әлиұлы ашып, жиынның маңыздылығына қысқаша тоқталды. Жоспарлы жұмыстарды жүзеге асыруға бағытталған отырысқа, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Халел, аудандық үйлестіру бөлімінің маманы С.Мусина, тараптардың барлық жұмыстарын үйлестіріп отыратын әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту орталығының басшысы Б.Жұманбаев, сектор меңгерушісі С.Жармағанбетова, сектор маманы А.Мизамбаева, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің маманы А.Башеев, кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Н.Жұмабеков, Қарқаралы ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары және мемлекеттік қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Иглікова, «Казпромметал филиалының «Өркен-Атасу» жұмысшыларының кәсіподақ ұйымының төрағасы Д.Жазыбаев, Қарағайлы кен байыту фабрикасы кәсіподақ ұйымының төрайымы Қ.Ахметова, аудандық білім беру және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы А.Секербайұлы, аудандық орталық аурухана КММ кәсіподағының мүшесі Г.Оспанова, «Қарқаралы ауданы кәсіпкерлерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Б.Абдуллина қатысты.

Үшжақты тараптың қатысуымен өткен жиында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы басымдықтар басты қағидаға алынып, әлеуметтік әріптестікті дамыту, әлеуметтік еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу, еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни наным-сеніміне, тұрғылықты жеріне, жасына, кемістігіне қарамай, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге жол бермеу қағидаттарын басшылыққа алу керектігі айтылды. Сонымен қатар, тараптарға берліген келісім жобасына өз ұсыныстарын енгізуге де мүмкіндік берілді. 2018-2020 жылдарға арналған келісімде көрсетілген мәселелерге аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мониторинг жүргізіп отырады.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Сағыныш Әбілова.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button