Қарағанды

«Шынықсаң – шымыр боларсың»

    Қыс мезгіліндегі спорт түрлерінің адам денсаулығына пайдасы зор. Сондай-ақ, оқушыларға ерекше көңіл-күй сыйлайтын қасиетке ие.

Осы мақсатта елімізде өткен қысқы универсиада сайыстарына қолдау көрсету мақсатында Жамбыл атындағы №7 мектеп-интернатының дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен қысқы спорт түрлерінен жарыс өтті. Ел спортшыларын үлгі еткен мектеп оқушылары аға-әпкелерінің жеңіс тұғырынан көруіне қолдау білдірді. Сайыстардың ашылуы оқушылардың флешмоб биімен басталып, оған 5-8 сынып аралығындағы оқушылар қатысты.

Ұстаздар салауатты өмір салты – ұлт денсаулығының кілті екенін, дене шынықтыру, сауықтыру шаралары бұқаралық спортты дамытуға сеп екенін атап өтті.

Сайыс ережесіне сай шана спорты бойынша 5 сынып оқушылары бақ сынаса, 7 сынып оқушылары екі топқа бөлініп, қыз қуу ойынын өткізді. Ал, 6-7 сынып оқушылары конькиден жарысты. Дене жаттығуына ықпал ететін коньки сайыстары оқушылардың денсаулығына күш беру мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушылар аздаған жылдамдықпен конькимен жүгіру ойынының әр түрлі үлгілерін қолданып, шапшаң сырғанады. Қосымша жаттығулар жасады. Сайыс барысында коньки эстафетасы бойынша 7 «А» сыныбының ұлдар мен қыздар командасы ара-қашықтықты сақтап, үздік ойын көрсету арқылы жеңіске жетті.

Ал, шана спортында оқушылар жарыс шаналарымен биіктіктен шапшаң түсу ойынын көрсетті. Шана спортынан I орынды 5 «А» сыныбы иеленді. Қыз қуу ойынында 7 «А» сыныбының қыздар командасы жеңіске жетті.

Оқушылар сайыстарда дене шынықтырып қоймай, сырқаттануға қарсы салауатты өмір салтын сақтауды үйренді. Күш, жылдамдық секілді түсініктердің мағынасын түсінді.

Сайыстарда жеңіске жеткен командалар медальмен және кубокпен марапатталды.

Ақтай ЖҰМАНБАЕВ,

Жамбыл атындағы №7 мектеп-интернатының дене тәрбиесі пәні мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button