Жаңалықтар

Шымкентте Digital Qazaqstan 2026 аясында цифрлық жобалар таныстырылды

Digital Qazaqstan 2026 форумында ЕАЭО елдері үкімет басшылары цифрлық жобалар көрмесін аралады.

Сурет ұйымдастырушылардан

Көрмеде стартаптар, робототехника, ЖИ-дрондар, GameDev және AI Talent Hub алаңдары ұсынылды. Делегациялар мемлекеттік басқару, өнеркәсіп және қалалық инфрақұрылымға арналған жасанды интеллект шешімдерімен танысты.

Инфрақұрылымдық бастамалар қатарында 35 мемлекеттік қызметті қамтитын AlemGPT платформасы мен Ұлттық ЖИ платформасы таныстырылды. Сондай-ақ дата-орталықтар, энергетика жобалары және 50 МВт-тық ЖИ деректер орталықтарын іске қосу жоспарлары ұсынылды.

Қалалық бағытта ITS көлік жүйесі, мектеп қауіпсіздігі және дрон инфрақұрылымы көрсетілді. Бизнес пен финтех саласында ЖИ енгізу, соның ішінде білім беру жобалары таныстырылды.

Жалпы, форум Қазақстанда бірыңғай цифрлық экожүйе қалыптастыру бағыты күшейіп келе жатқанын көрсетті.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button