Жаңалықтар

Шыңда өскен қарағай! (ХХ ғасыр ғұламасы Темірғали Көкетай көкеме)

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Мінезі баладай, көңілі даладай,
Ниеті жаманға – сөздері «одағай»,
Емендей иілмес,
Тасқа өскен қарағай!

Темағам күлгенде, көңілі жаз болған,
Формула жазғанда санаға саз қонған.
«Мен өзі ақымақ адаммын дегенде»,
«Ақылды» топастар бұл сөзге мәз болған…

Қазақтың тілі еді… Сіз үшін ұлы арман!
Тірлікте сырыңды, адам аз ұғалған.
Ғылымға қосқаның өлшеусіз жаңалық,
Суықтан – жарықты шығарған…

Адамзат соңыра бұл сырды ұғарсың…
Талантпен ойнауға әзірге құмарсың…
Тас бауыр қоғамды – мейірімді қылам деп,
Суықтан жылулық іздеген шығарсың…

Ақиқат жалынан серт қылып ұстадың,
Сол жолдан таймады адами ұстамың.
Шарболат сияқты сан рет ширықтың,
Қолынан шыққан соң Тәңірдей ұстаның!

Толтырам деуменен Алаштың есесін,
Ұлылар осылай өмірден көшесің…
Тау тұлға Темағам алдымнан шығардай,
Аралап келемін кеншілер көшесін…

Қойлыбай АСАН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button