ШЫҰ: Қандай маңызды құжаттарға қол қойылды?
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің отырысында 20 маңызды құжатқа қол қойылды.

1.Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Тяньцзинь декларациясы;
2. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесі отырысының қорытындысы бойынша құжаттарды бекіту туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
– Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2035 жылға дейінгі даму стратегиясы;
– Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Шанхай ынтымақтастық ұйымы кеңістігінде экстремистік идеологияға қарсы іс-қимылдың 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасы;
– Шанхай ынтымақтастық ұйымының Энергетикалық ынтымақтастықты дамытудың 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиясын іске асырудың жол картасы;
- Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Лаос Халық Демократиялық Республикасына Шанхай ынтымақтастық ұйымының диалог бойынша серіктесі мәртебесін беру туралы шешімі;
- Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Шанхай ынтымақтастық ұйымының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы жанындағы байқаушы мәртебесін алуы бойынша шешімі;
- Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің «Шанхай ынтымақтастық ұйымының серіктесі» мәртебесі туралы шешімі;
- Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласын 2025-2026 жылдары Шанхай ынтымақтастық ұйымының туристік және мәдени астанасы деп жариялау туралы шешімі;
- Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ Бас хатшысының құжаттарға қол қою өкілеттілігі туралы шешімі;
– Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығының Қытай Халық Республикасына келу шарттары туралы 2004 жылғы 17 маусымдағы келісіміне хаттама;
– Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығы мен «Росконгресс» қоры арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Шанхай ынтымақтастық ұйымының өткен жылғы қызметі туралы баяндаманы бекіту туралы шешімі;
– Шанхай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының Шанхай ынтымақтастық ұйымының өткен жылғы қызметі туралы баяндамасы;
– Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы кеңесінің Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының 2024 жылғы қызметі туралы баяндамасы.
- Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Есірткіге қарсы орталығы туралы келісімі;
- Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздіктің сын-қатерлеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі әмбебап орталығы жөніндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы келісім;
- Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына және Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 80 жыл толуына орай мәлімдемесі;
- Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі мәлімдемесі;
- Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің энергетиканы орнықты дамыту бойынша ынтымақтастық туралы мәлімдемесі;
- Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің «жасыл» өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық туралы мәлімдемесі;
- Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы мәлімдемесі;
- Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің көпжақты сауда жүйесін қолдау туралы мәлімдемесі;
- Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің есірткінің әлемдік мәселелерін тиімді шешу және оған қарсы күрес ісіндегі мәлімдемесі;
- Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ғылыми-техникалық және инновациялық ынтымақтастық жөніндегі мәлімдемесі;
- Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің уәкілетті министрліктері мен ведомстволары басшыларының орнықты даму саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты нығайту туралы мәлімдемесі;
- Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығының Қытай Халық Республикасына келу шарттары туралы 2004 жылғы 17 маусымдағы келісіміне хаттама.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА