Жаңалықтар

Үштің өзі – күш

Семей қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында және Желтоқсан көтерілісі құрбандарын еске алуға арналған қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған сайыстың мақсаты – Ұлттық спорт түрлерін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды төл өнеріміз – күреспен шұғылдануға шақыру, әрқайсының бойында отансүйгіштік қасиетті тәрбиелеу. Айтулы белдесуге еліміздің түпкір-түпкірінен 300-ден астам балуан жиналды. Үш күнге созылған боз кілем додасының жүлдегерлер қатарында 60 келі салмақта сынға түсіп, III орынды иеленген қарағандылық балуан Ержан Еренғаипов бар.

– Егер өзімнің техникалық және негізгі дайындығымды толық көрсетсем, бәлкім бұдан да жоғары нәтиже көрсетер ме едім?! Әрине, жіберген қателіктерім өзіме болашақта сабақ болады. Дегенмен, қарсыластардың да мықтылығын айта кеткен жөн. Ең бастысы белдесудің негізгі тактикалық жоспары – бұл оймен жеңіске жету жолы – дейді қарағандылық балуан Ержан Нұрланұлы.

Дәл осы салмақ дәрежесінде бас жүлдені қызылордалық Мағжан Шамшадин алды. II орын Маңғыстау облысының палуаны Бауыржан Нарбаевқа бұйырса, III орынға атыраулық Қанат Сейілхан табан тіреді. Осылайша, боз кілемде кім жүйрікті анықтаған жеңімпаздардың барлығы медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button