АймақБұқар жырау

Үштөбеліктер де жаппай сенбіліктен қалыс қалмады

Үштөбе ауылдық округіне қарасты Үштөбе, Құрылыс, Сарыарқа, жаңа Құрылыс, Сокурское ауылында жаппай сенбілік өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қала мен аудан аумақтарын тазарту жұмыстары үнемі жүргізілу керек» деген болатын. Мемлекет басшысының үндеуінен кейін Республикалық сенбілік ұйымдастырылды. Осы мақсатта ауылдық округ жұрты да қалыс қалмады. Жаппай сенбілікке 150-ден астам адам шығып, ауыл маңайын қоқыстан тазартты.

Суреттер: ұйымдастырушылардан

Сенбілікке шыққандардың қатарында бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары мен кәсіпкерлер де бар.

Көшеде шашылған қоқыстарды жинап, тазалық жұмыстарына жаппай атсалысты. Сондай-ақ, жеке секторда төңіректі санитарлық тазалау қажеттілігіне байланысты рейдтер жүргізілді.

Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button