Жаңалықтар
Үштөбеде көкпар клубтары арасындағы ашық біріншілік өтеді
Қарағанды қаласы Үштөбе ауылындағы Жаңа атшабар жерінде «Сарыарқа өңіріндегі көкпар клубтары арасындағы ашық біріншілік» өтеді. Бұл – Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
Командаларды тіркеу 21 қазанда басталады. Келесі күні топтық кездесуде алғашқы ойын ойналады. Финалдық ойын 23 қазанда өтеді. Сол күні сағат 12:00-де бәйге басталады.
Бас бәйге – 1 млн. теңге. ІІ орынға 700 мың, ал соңғы орынға 300 мың тг беріледі.