Үштөбеде балабақшаның жаңартылған ғимараты ашылды
Жуырда Бұқар жырау ауданының Үштөбе аулындағы “Супер-Ботақан” жеке меншік балабашасына қосымша салынған жаңа ғимараты ашылып, пайдалануға берілді.

Бұл жұмыс жеке кәсіпкер Арыстан Құсайыновтың “Даму” бағдарламасы аясында алған 120 миллион жеңілдетілген несиесі арқылы жүзеге асырылып, осы салынып, заманауи талаптарға сай жабдықталған қосалқы ғимаратта жаңадан тағы да 4 топ ашылып, қазір мұндағы 12 топта 260 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Енді “Супер-Ботақан” балабақшасының басшылығы қала мен ауыл арасындағы сабақтастықты нығайтып, білім беру мен тәрбие жүйесінде бірлескен жобаларды іске асыру үшін осындағы Үштөбе тірек мектебімен және Қарағанды қаласының Абай атындағы гимназиясы мен өзара серіктестік туралы келісімге келіп, меморандумға қол қойды.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы



