Спорт

Шорт-трекшілер 6 медальмен оралды

Еліміздің шорт-тректен құрама командасы Ресейдің Кемерово облысында өтіп жатқан «Азия балалары» ІІ қысқы ойындарын табысты аяқтады, деп хабарлайды Оrtalyq.kz halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Бүгін 1000 метрге жарыста Мейіржан Төлеген чемпион атанса, Мадияр Мадихов қола жүлде иеленді. Финалда өнер көрсеткен Əліби Əлімгереев пен Ерасыл Шыңғысхан төртінші жəне бесінші орыннан көрінді.

Шорт-тректен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Данабек Хайров шəкірттерінің нəтижесін жақсы деп бағалап, команданың соңғы күні алтын медаль алуға барын салғанын айтты.

–  Соңғы күні алтын медаль алуға барымызды салдық. Бізге жетпей тұрғаны сол ғана еді. Жалпы еншімізде 6 жүлде бар. Меніңше, барлық спортшы жақсы өнер көрсетті. Əрқайсысы кем дегенде елге бір жүлдемен оралады. 2019 жылғы алғашқы ойындарда 1 алтын, 1 күміске ие болғанбыз. Осы жолы сол көрсеткішті жақсартқанымызға қуаныштымын, –  деді ол Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Осыған дейін «Азия балалары» ойындарында шорт-трекшілер 4 жүлде жеңіп алған еді. Алғашқы күні 1500 метрге арналған сында Мейіржан Төлеген күміс, Мәлике Жолтабар қола жүлдегер атанды. Ал кеше 3 шақырым эстафетада ұлдар құрамасы мəреге екінші, қыздар үшінші болып жеткен.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button