Шет ауданы, Ақадыр кентіндегі теміржол вокзалы ғимараты қабырғасына Құрметті теміржолшы, Ақадыр теміржол стансасын 40 жылға жуық басқарған Елен Бектұрсыновқа арналған мемориалды тақта орнатылды. Салтанатты шараның ашылуына облыстық мәслихаттың депутаты Рысқали Әбдікеров пен аудан әкімі Мұхит Мұхтаров қатысты.
Одан бөлек, марқұмның әріптестері, туған-туыстары мен кент тұрғындары шараға қатысып өткенді еске алды. Көз-көргендер естеліктерін айтып, өнегелі өмір жолын тілге тиек етті.
Шара соңында Елен Аркенұлының бауыры, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Қ.Мұқашев ағайын-туыстары атынан мемориалдық тақтаның орнатылуына қолдау көрсеткені үшін аудан әкімдігіне, Қазақстан теміржолы басшылығына алғысын білдірді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz