Жаңалықтар

Шетелдік нөмір таққан көліктерді заңдастыру мерзімі ұзара ма?

ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор Алтынбек Жамалиев Қазақстанда көліктерді заңдастыру мерзімін ұзарту туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

 

– Егер 1 шілдеге дейін өтініш беріп үлгерсеңіз, онда өтінішті қарауды жалғастырамыз. Яғни, дүрбелең жасаудың қажеті жоқ, әлі уақыт бар. Көлігіңізді заңдастыру үшін ең бастысы 1 шілдеге дейін өтініш беру керек, – деді Жамалиев.

Бұл ретте ол бүгінде Қазақстанда 177 мыңнан аса автокөлік тіркелгенін, оның 10 мыңға жуығы құрастырылған көліктер екенін түсіндірді.

Басқа материалдар

Back to top button