Медицина

Шетелдік маман тәжірибесімен бөлісті

Облыстық клиникалық ауруханаға ресейлік профессор, медицина ғылымдарының докторы Дмитрий Касаткин арнайы келіп, өңірдегі медицина ұйымдарының өкілдеріне шеберлік сабағын өткізді.

Суреттер: облыстық клиникалық аурухана

Үш күнге созылған шеберлік сабағы аурухананың аутоиммундық орталығында өтті. Сабақ барысында шетелдік маман шашыраңқы склерозды емдеудің заманауи тәсілдері туралы дәріс өткізді. Сонымен қатар, оны емдеудің жаңа тенденцияларын талқылап, әріптестерімен алдын-алу шараларын сөз етті. Бұдан бөлек, склерозбен жүктілікті басқару және ЭКО мүмкіндігі туралы да тереңінен талқылады.

– Бүгінде жаңадан шығып жатқан дәрі түрлері өте көп. Тіпті, Қазақстанда да жетіп артылады. Сәйкесінше, дәрігерлер жаңа препараттармен қалай жұмыс істеу керегін, қалай пайдаланатынын білуі қажет. Склероз мәселесін шешу үшін де ең маңызды дүниелерді білу қажет. Ал, нейромиелит оптикасы – өте күрделі. Оны біз жаңа дәрілер пайда болған уақытта терең үйренеміз. Қазір Қарағандыда жаңа дәрі-дәрмектің түрлері көп. Тіпті, екі пациент сол дәрілермен ем қабылдап жатыр. Алдағы уақытта дәрілердің жаңа түрлерін қабылдайтын пациенттер саны көп болады деген үміттеміз, – деді Дмитрий Касаткин.

Үш күндік семинарға аурухананың және өңірдегі басқа да медицина ұйымдарының невропатологтары, ревматологтары мен акушер-гинекологтары қатысты.

– Бұл дәрістің біз үшін пайдасы мол. Білімімізді жетілдіріп қана қоймай, алдыңғы қатарлы клиникалармен иық тірестіре жұмыс істей алатынымызға кепілдік береді. Жалпы, шеберлік сабағы тек әріптестермен тығыз қарым-қатынас орнатып қана қоймай, көршілес елдермен бірлескен ынтымақтастықта жұмыс істеуге мүмкіндік сыйлады, – деді облыстық клиникасы аутоиммунды орталығының жетекшісі Наталья Евстафьева.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button