Жаңалықтар

Шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге өтінімдерді қабылдау басталды

500 қазақстандық ғалым шетелде тағылымдамадан өте алады. Өтінімдерді қабылдау басталды және 13 қазанға дейін жалғасады. Республикалық комиссия жеңімпаздарды желтоқсан айында жариялайды. Бұл туралы “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

 

Бағдарлама операторының ақпараты бойынша, ғылыми тағылымдамаға ұсынылатын мекемелердің тізбесіне әлемнің 34 елінен 400-ден астам ЖОО, ғылыми-зерттеу орталықтары, ұйымдар кірді. Зерттеудің басым бағыттары: “Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар”, “Білім беру”, “Медицина”, “Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс” және т. б.

Үміткерлердің шетелдік ұйымнан шақыруы, сондай-ақ ғылыми нәтижелері болуы тиіс. Таңдалған мамандық бойынша жұмыс өтілі – кемінде бір жыл. Мемлекеттік тілді білу бойынша емтихан нәтижесі В1 деңгейінен кем емес, ал шет тілі бойынша – IELTS ұпайы 9.0-ден кемінде 5.0 болғанын дәлелдейтін сертификаттар міндетті түрде талап етіледі.

“Мемлекет тағылымдамадан өтушілерге тағылымдамадан өту, екі жаққа ұшу шығындарын, сондай-ақ медициналық сақтандыру мен ай сайынғы стипендияны төлейді. Стипендияның мөлшері қала және белгілі бір елдегі өмір сүру деңгейіне байланысты өзгереді”, – делінген хабарламада.

Құжаттарды қабылдау Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 70-үй (“Сығанақ” бизнес орталығы), 5 қабат, 508 кабинет мекенжайы бойынша қолма-қол (қағаз нысанда, сондай-ақ электрондық жеткізгіштегі сканерленген нұсқасы) жүзеге асырылады. Үшінші тұлға құжаттарды тапсырған жағдайда үміткерден нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы талап етіледі.

Толығырақ Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында bolashak.gov.kz.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button