АймақСпортШет

Шет ауданының спортшысы республикалық асық ату турнирінде жеңіске жетті

Астанада өткен асық атудан республикалық турнирде Шет ауданының спортшысы Мейір Рахымжан бірінші орынды иеленді. Жарысқа елдің 9 облысынан 67 спортшы қатысты.

Сурет Мейір Рахымжаннан

Қарағанды облысының намысын Ақжал кентінің спортшылары қорғады. Мейір Рахымжан тартысты бәсекеде жоғары мергендік пен дайындық деңгейін көрсетті. Турнир Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спортшысы, әлем және Азия чемпионы Мырзамұрат Қайыпбековтің құрметіне арналды.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button